Қала әкімдігінің алдында бес көлік соғылды

Кеше Алматы қаласы әкімдігінің алдында Порше Панамера көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бес бірдей қымбат көліктің тас-талқанын шығарды. Бұл ақпаратты «СТВ» телеарнасы хабарлады.

Алматы, NEGE. Екі Мерседес-Бенц, Лексус-570 және Тесланы қиратқан жол апаты туралы әлеуметтік желіде «ең қымбат жол апаты» деп жазып жатыр. Поршенің өзі де арзан көлік емес.

Куәгерлердің айтуынша, Поршенің жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойымен қатты келе жатып рөлге ие бола алмай, автотұрақта тұрған көліктерді соққан. Мерседестердің бірінің жүргізушісі жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Поршені тізгіндеген тентектің кім екені әзірге белгісіз.   

Қазір оқып жатыр

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ