Қайтарымсыз берілетін мемлекеттік гранттарға өтінімдер қабылдануда

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков қоғамдық қабылдауға өтініш білдірген тұрғындарды онлайн қабылдады.

Шымкент, NEGE.  Тұрғындардың басым көпшілігі жеке кәсібін ашу мен қайтарымсыз берілетін гранттарды алу бойынша кеңес алып, бизнестеріндегі кедергілерді жеткізді.

Айта кетсек, 7 мамыр күні «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарға құжаттар қабылдау басталған болатын. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде көрсетілген құжаттарды үлгіге сәйкес толтырып, ұсынуы қажет.

Құжаттарды 7 маусым сағат 10:00-ден бастап, 18 маусым күні 13:00-ге дейін, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Ерімбетов көшесі, «Заңғар» бизнес орталығында орналасқан «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесіне өткізе алады.

Қосымша ақпараттар үшін көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуға болады 8 (7252) 24-75-12, 7 (777) 527-50-69.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті