Қайтадан төтенше жағдай енгізіледі

Финляндияда індеттің күшеюіне байланысты төтенше жағдай енгізілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдегі телеарнаның бірі хабарлады. Билік мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысын шектеуді көздеп отыр. Шара елде адамдардың байланысын азайтып, вирусты жұқтыруды төмендету үшін қолға алынбақ.

Айта кетейік, Финляндияда төтенше жағдай соңғы рет былтыр көктем кезінде енгізілген болатын. Ал ресми дерекке сүйенсек, бұл елде вирусты жұқтырғандар саны күніне 600-ге жеткен. Дертке шалдыққандардың жалпы саны 55 мыңнан асады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді