«Қайсарда» жаңа ойыншы

Қызылорданың «Қайсар» командасы жаңа ойыншымен толықты. Биылғы маусымда Ақтөбенің тумасы Бағдат Қайыров аталған ұжымда ойнайды.

Алматы, NEGE. Бағдат Қайыров 1993 жылы 17 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ең алғаш сол қаладағы «Ақтөбе-жас» командасынан ойын бастады.

2015 жылы Ақтаудың «Каспий» командасында доп тепсе, 2016 жылдан бері «Ақтөбенің» намысын қорғады. Аталмыш ұжымда 102 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 2 гол соқты.

2016 жылы «Ақтөбе» командасы сапында Еуропа лигасында ойнады.

Биыл «Қайсар» Еуропа лигасында бақ сынайды. Команда былтыр Қазақстан кубогына қол жеткізді. Қазіргі таңда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүр.

Қазір оқып жатыр

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады