Қайсағалиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма?

Өткен дүйсенбіден бері Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде гу-гу әңгіме жүріп жатыр. Бүгін Алтай Көлгіновтың орынбасары Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлының қызметтен кеткені белгілі болды. Бұған оның үстінен қозғалған қылмыстық іс себеп болуы мүмкін.

Алматы, NEGE. Ақпарат көзінің мәліметінше, өткен жұмада Алтынбек Қайсағалиевтің жұмыс кабинетінде және үйінде тінту жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі Қайсағалиевтің ісіне қатысты тергеу жүргізіп жатқан көрінеді. Әзірге қандай іске байланысты тергеу жұмыстары басталғаны белгісіз. Бұл жөнінде әлі ресми ақпарат таратылған жоқ. Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен бұл жөнінде тұшымды пікір ала алмадық.

Ресми мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетіп, әкімінің орынбасары болып Нұрлан Солтамбеков тағайындалды делінген.

Нұрлан Солтамбеков 20 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Мамандығы — инженер-құрылысшы. Еңбек жолын ағаш ұстасы цехының шеберінен бастады. Әр жылдар бойы бірқатар басқармаларда еңбек етті. 5 жыл бойы елорданың коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Соңғы жылдары «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасын», «Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасын» басқарды. Меритократия қағидатына сәйкес бас маманнан қала басшысының орынбасарына дейін қызмет атқарған. Елорда әкімі жаңа орынбасарының алдына бірқатар міндет қойды.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді