«Қайраттың» бұрынғы бапкері Германиядағы қызметінен қуылды

«Эрцгебирге» клубының басшылығы Алексей Шпилевскийді қызметінен босатты, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

 Алматы, NEGE. Клуб басшылығы аталмыш шешімді «Падерборннан» (1:4) оңбай ұтылған соң қабылдап отыр. Шпилевский неміс командасымен жеті ойында небәрі 3 ұпай еншілеген болатын. Соның салдарынан «Эрцгебирге» турнир кестесінде 18 орынға түсіп қалды. Еске салайық, беларуссиялық маман осыған дейін Алматының «Қайратын» жаттықтырды. Өткен жылы «халықтық» командамен бірге Қазақстан біріншілігінде чемпион атанды.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан