Қайраткердің рухына құран бағышталды

2006 жылы 11 ақпанда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы, көмекшілері Бауыржан Байбосын мен Василий Журавлев саяси қастандықтың құрбаны болған. Бүгін сол қайғылы датаға 15 жыл толды.

Алматы, NEGE. Құрбан болған саясаткердің туыстары, шәкірттері және тәуелсіз БАҚ журналистері қабірінің басына барып құран бағыштап, Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алысты.

Рысбек Сәрсенбайұлы

«Мен бауырымды, ақылшымды, қамқоршымды жоғалтсам, ел үміт күткен қайраткерінен айырылды. Бұл қастандықтың басында кім тұрғанын, кімнің тапсырыс бергенін халық біледі. Қылмыскер қандай құдыретті болса да, жазасын бүгін алуы керек. Осындай қылмыстар қайталанбауы үшін», – деді саясаткердің бауыры Рысбек Сәрсенбайұлы.        

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды