Қайрат Тұрлыханов дүниеден озды

Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының құрметті президенті, Семей қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыханов дүниеден озды.

 Алматы, NEGE. Қайрат Тұрлыхановтың қазасы туралы Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының сайты жарияланды. Қайрат Тұрлыханов Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен ауылында (бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы Таскескен ауылы) дүниеге келген. 1980 жылы СССР ІІМ-нің Алматыдағы мектебін бітірген. 1980-1987 жылдар аралығында ішкі істер органында қызмет еткен.

1993-2001 жылдар аралығында «Philip Morris» қауіпсіздік фирмасының бастығы, «Бақты» кеденінің бастығы, Семейдегі Ертіс өзені арқылы өтетін көпік құрылысын жүргізу бойынша дирекцияның бас директоры қызметін атқарған. 2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі болған. Әр жылдары ШҚО Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі, Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы, ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі, «Көліктік қызмет орталығы» АҚ басшысы қызметін атқарған. «Вокзал-Сервис» АҚ президенті болып еңбек еткен.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді