5 мая 2021 г. 16:21

Қайрат Шәріпбаев «ҚазМұнайГаздан» кетті

Фото:

 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма құрамынан Қайрат Шәріпбаев шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің 2021 жылдың 08 сәуіріндегі шешіміне сәйкес, басқарма құрамынан басқарма мүшесі Қайрат Шәріпбаев шығарылды», - деп жазылған хабарламада. Енді ұлттық компанияның басқарма құрамы 7 адамнан тұрады: Алик Айдарбаев, Жақып Марабаев, Дәурен Қарабаев, Данияр Тиесов, Данияр Берлибаев, Дастан Абдулгафаров, Мәлік Сәулебай. Айта кетейік, 2020 жылы Қайрат Шәріпбаев «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған. Сондай-ақ ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының маркетинг және тасымалдау жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқаратын болған.

Тегтер: