28 сентября 2022 г. 15:04

Қайрат Сатыбалдыұлы мерзімнен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін

Фото:

Мәжіліс кулуарында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдыұлының жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босауға мүмкіндігі бар екенін айтты. Жақында сот Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сотта тек екі эпизод – "Қазақтелеком" мен "КСО" бойынша қаралғанын айтты.

26 қыркүйекте сот Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айырды.

– Ол жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін - бұл террористік қылмыс сияқты ауыр қылмыс жасағандардан басқалардың бәріне қолданылады, –деді Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев.

Ол қазір басқа істер тексеріліп жатқанын айтты.

– Экономикалық сұрақтар қарастырылып жатыр. Сондай-ақ салық, қылмыстық жолмен табылған қаражат және басқа да бірқатар істер бар, – деді Әсет Шындалиев.

Тегтер: