«Қайрат Сатыбалдыны колонияға ауыстырды»

Телеграм-каналдардың бірінің хабарлауынша, Қайрат Сатыбалдыны Шығыс Қазақстандағы арнайы колонияға этаппен жеткізген.

Алматы, NEGE. «Қайрат Сатыбалдыұлы ШҚО-дағы №22 колонияға этаппен жеткізілді. Бұл – арнайы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған колония.

Астана қалалық сотындағы ақпарат көзі Қайрат Сатыбалдыұлын тергеу изоляторынан алып кеткенін мәлімдеді», – деп жазды EDILOV ONLINE телеграм-каналы.