«Қайрат» өз алаңында «Атыраудан» ойсырай жеңілді

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің оныншы турында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Атырау» командасынан жеңілді, деп хабарлайды КТК.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында алматылық клуб белсенді бастаған еді. Ойынның 22-минутында «Қайрат» сапынан Андрей Ульшин қарсыласын дөрекі қимылмен шалып құлатты.  Осыдан кейін «Атырау» қатарынан Николай Тарасов 14, 38-минуттарда мергендік танытса, 46-минутта Андрия Филипович есепті ұлғайта түсті. Атыраулық команда сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетті. 

«Атырау» 17 ұпаймен үшінші орынға көтерілсе, «Қайрат» қазір тоғызыншы орында тұр. Осылайша, «Қайрат» төрт ойын бойы жеңіске жете алмай келеді. 

Сондай-ақ, бүгін Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсу» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. 

Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» сырт алаңда «Ордабасыдан» 2:1 есебімен басым түссе, «Қызылжар» мен «Тараз» 1:1 есебіне қанағат білдірді. 

Ертең, 8 мамырда «Ақжайық» (Орал) пен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды