28 января 2020 г. 20:42
Қайрат Нұртастың жары неге алаңдаулы?
Әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Қытайда шыққан коронавируске қатысты өз ойын білдіріп, желіде жазба қалдырды.
«Сақтансаң сақтармын деген, бәрінен бұрын балалар үшін алаңдаймын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көпшілік жүретін қоғамдық орталарда маска киіп жүруді, қолды сабындап жууды, температурасы жоғары адамдардан алшақ жүруді ескертіп, дабыл қағуда» - дей келе, Халықаралық теннис турнирі коронавирусқа байланысты Қытайда емес, Қазақстанда өткізілетіне алаңдаушылық білдірген.
«Бұл дегеніңіз шеттен қаншама ойыншылар келеді, жанкүйерлер келеді деген сөз. Өздерімен өздері тыныш келіп, тыныш кетсе екен», - деген Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарын аталмыш ауру түрінен сақтануға шақырды.