15 сентября 2020 г. 19:16

Қайрат Нұртастың директоры төбелес жайлы мәлімдеме жасады 

Фото:

Қайрат Нұртастың өкілі әншінің төбелеске қатысы барын теріске шығарды, деп хабарлайды Nege.kz тілшісі

Алматы, NEGE. Танымал әнші Ақтау қонақүйлерінің бірінде күзетшінің мұрнын бұзғаны туралы ақпарат желіде тарады. Көпшілік қауым бұл қауесетке сенгендей болды, себебі, таяуда әнші үй-ішімен Ақтауда демалған болатын.

Отбасылық саяхаттың суреттері Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімованың Instagram парақшаларында жарияланған.  

Полиция департаменті қонақүйде орын алған бұзақылық фактісі бойынша тергеу амалдары басталғанын хабарласа да, Қайрат Нұртастың бұл оқиғаға қатысы бар-жоғын растаған да жоқ, теріске де шығармады. 

Тараған сыбыстың ақ-қарасын ажырату үшін Nege.kz тілшісі әншінің директоры Мира Келімбетоваға хабарласты. 

«Бұл жалған ақпарат. Қайрат өте тәрбиелі, дипломат адам. Ол бұндай әрекетке бармайды, тіпті шыбынды да ренжітпейді», – деп мәлімдеді ол. 

Әңгіме барысында Келімбетова әлдебіреулер Қайрат Нұртастың атын жамылып, «хайп» ұстап жүр деп болжамдады.

Тегтер: