Қайрат Нұртастың әйелі – «Әлем аруы»

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем аруы-2020"

байқауының онлайн дауыс беру кезеңінің үшінші күнінде көш бастаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы. NEGE.  Дауыс беру 1 желтоқсанда басталған, ал 3-ші желтоқсанда Жұлдыз Әбдікәрімова 29 516 дауыс жинап алып, қалған 83 арудан озып келеді.

«Бірақ дейтін бір тұсы бар екен. Жұлдыздың анкетасында "Mrs Kazakhstan" титулының иегері деген жазба жүр. Бұл қаншалықты рас? Актрисаның өмірбаянында ондай атақ алғаны туралы бұрын ештеңе жоқ еді», – деп сауал тастайды интернет-портал.

Қазақстанның атынан бұл байқауға тағы бір отандасымыз, 32 жастағы Аяна Сұлтанбекова да қатысуда. Бірақ оған қазірге дейін 780 дауыс қана беріліпті.

Айтпақшы, дауыс беру ақылы. Әр дауыс бергенің 5 доллар екен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?