Қайрат Нұртасқа карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Әнші Қайрат Нұртас карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Алматы, NEGE. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, әншіге 30 АЕК, яғни 87 510 теңге айыппұл салынды.

«Алматы қаласындағы рейд барысында мониторингтік топ ойын-сауық мекемелерінің бірінде 80-нен астам адамның қатысуымен өтіп жатқан туған күнді анықтады. Келушілер арасында Қайрат Нұртас та болды, ол да басқалармен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Барлығына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп атап өтті Сәдуақас Байғабұлов.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі