Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 желтоқсанға дейін ұзартылды

Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімін ұзартты.

Алматы, NEGE. "2022 жылы 17 қарашада сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. 8 айға дейін, яғни 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін", делінген сот хабарламасында.