22 июля 2022 г. 10:39
Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторында коронавирус жұқтырды
Экс-депутат Қайрат Құдайбергеннің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Алматы, NEGE. Қайрат Құдайбергеннің адвокаты коронавирус инфекциясына тапсырған сынама оң нәтиже бергенін айтты. Адвокаттың айтуынша, 17 шілдеде Құдайберген тергеу изоляторында анасына денсаулығы нашарлағанын айтып, жақындамауды өтінген. Кейін изоляторға жедел жәрдем шақырылып, олар COVID-19-ғы сынама алған.