Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылды
Алматыда мәслихат депутаттарының құрамы өзгерді.
Алматы, NEGE. «Ротация (мәслихатта) мандатты қайта бөлуге және партиялық резервке М. А. Әділхановтың, Л. Е. Ибрагимованың, Е. З. Талбидиновтың, Қ. Қ. Сәрсенбайдың, А. А. Жүдебаевтың, М. М. Зулеевтің, Р. Ч. Бөлекбаеваның, А. Құрманбектің берген өтініштеріне сәйкес, оларды партиялық резервке енгізу туралы, сондай-ақ партиялардың өз құрамынан келесі мүшелерді шығаруы есебінен жүзеге асырылды: «AMANAT» партиясынан Қ.Қ. Құдайберген және «Қазақстан Халық партиясынан» А.Б. Әбілқасымова және «Қазақстанның Халық партиясынан» А. Т. Шапенов (өз еркімен)», — деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
20 шілдеде Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, онда түскен өтініштерге сәйкес 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілген.