Қайрат Құдайберген Бас прокурорға шағымданды

Қаңтар бүлігі бойынша қамалған Қайрат Құдайберген «маған қысым жасалды» деп Бас прокурордың атына шағым жазды.

Алматы, NEGE. «Өзін Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел тергеу тобының құрамындағы тергеуші деп таныстырған лауазымды тұлға адвокатым жоқ кезде маған психологиялық, моральдық қысым көрсетті», – деп жазған Қ.Құдайберген.

Естеріңізге салайық, Қ.Құдайберген Қаңтар бүлігі кезінде «Дикий Арман» деген лақап атпен белгілі Арман Жұмагелдиевпен бірге алаңға барып, құқық қорғаушылардың көзіне түскен еді. Жуырда ол сот санкциясымен екі айға қамалды.