Қайрат Келімбетов қызметінен кетті

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Алматы, NEGE. "Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламда.

 Қайрат Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығын 2015 жылдың 24 желтоқсанынан күні бүгінге дейін басқарды.  Енді аталмыш орталықтың жаңа басқарушысы болып Ренат Бектұров тағайындалды.