Қайрат» ФК бас бапкері тағайындалды

Енді алматылық команданы Кирилл Кекер жаттықтырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұған дейін ол Қайраттың жастар құрамасымен жұмыс істеп, жақсы нәтиже көрсеткен. 2020 жылы «Қайрат» Қазақстан чемпионы атанғанда Кекер бас бапкердің көмекші қызметін атқарған. Сондықтан ол академиядағы ең табысты мамандарының бірі саналады. Биыл қаңтарда Кирилл Кекер «Қайрат-Мәскеу» футбол клубының бас жаттықтырушы ретінде таныстырылды. Чемпионат аяқталуына бір тур қалғанда ол команданы 5-орынға көтерді. Айта кетейік, алматылық клуб бұрынғы бас бапкер Құрбан Бердиевпен арадағы келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатты. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды