Қайрат Боранбаев түрмеден шығады

Ақмола облысының соты 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетті.

Алматы, NEGE. Қайрат Боранбаевтың жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.

"Сот "Б." өтінішін қанағаттандыра отырып, жазаның өтелмеген бөлігін бостандықты шектеуге ауыстырды", – деп хабарлады Ақмола облысы Зеренді аудандық соты.

Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:

сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;

– мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;

– қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады