Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды

Қайрат Боранбаевқа сот үкімі шықты.

Алматы, NEGE. Қайрат Боранбаевтың мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырумен қатар, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Жаза режимі орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтеледі.

"Президенттің атына мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізілсін", – деді Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьясы Назгүл Бапақова.