Қайрат Ахметов Сингапурде жапон файтерін жеңді

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметов (25-2) ONE Fighting Championship промоушеніндегі кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Ол Сингапурдегі ONE 158 жарысында жапондық спортшы Тацумицу Вадамен (23-11-2-1) жекпе-жекке шықты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген және төрешілердің шешімімен Ахметовтың пайдасына аяқталды. Осылайша Қайрат Ахметов ММА-дағы кәсіпқой мансабында 26-шы жеңісіне қол жеткізсе, Тацумицу Вада 12-ші жеңіліске ұшырады. Ахметов үшін бұл ONE FC промоушеніндегі тоғызыншы жекпе-жек екенін қосамыз: қазір оның жеті жеңісі мен екі жеңілісі бар. Сондай-ақ 34 жастағы қазақстандық файтердің қатарынан бес жеңіс сериясы бар. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды