Қайнарбұлақ тұрғындарымен кездесу өтті

Қала әкімінің шалғай елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелерін жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгін Қаратау ауданы әкімі А. Аликулов, қалалық мәслихат депутаттары 6 мыңға жуық халқы бар Қайнарбұлақ тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.

Шымкент, NEGE. Кездесу барысында жергілікті тұрғындарды алаңдатып отырған сапалы инфрақұрылыммен қамту (ауыз су, табиғи газ, электр жарығы) мәселелері қозғалды. Осы орайда, тұрғындарға аудан әкімдігі мен құзырлы мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспардағы жобалар толығымен таныстырылды. Атап айтқанда, ауыз су, табиғи газбен қамту жұмыстарының құрылысы осы жылы сәуір айында басталса, аяқталу мерзімі 2021жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Жұмыстарды жобалаушы мекеме «МПК-Проект» ЖШС.

Сонымен бірге, тұрғын алапты сапалы электр жарығымен қамту жұмыстары 2021жылдың маусымында бастау алған. Бас мердігер мекеме «Turan Energo Group» ЖШС. Құрылыс жұмыстарын 2022жылдың ІІ тоқсанына аяқтау көзделіп отыр. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр