Қай салада кредит төлеу мерзімі шегеріледі?
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыра алатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметі түрлерінің тізімін кеңейтті.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлайды. Тиісті бұйрық 2020 жылдың 26 мамырында қабылданды. Осы бұйрыққа қосымшада қызмет түрлерінің 357 жіктеуіші бар. Мәселен, жаңа тізбеге төтенше жағдайды енгізу салдарынан көбірек зардап шеккен салалар кірді. Бұл сауда, өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қоймада сақтау, тұру және тамақтану, ақпарат және байланыс, білім беру және денсаулық сақтау салалары.
Биыл 11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп қарыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін салалар тізбесін кеңейтуді тапсырған болатын.