«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесуінен фото жариялап, емен-жарқын әңгімелескенін жазды.

instagram.com/tokayev_online

Астана, NEGE. Мемлекеттер басшыларының жылы жүздесуінен түсірілген фото Қазақстан Президентінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

«Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямдағы емен-жарқын әңгімелесу сәтінен», – деп жазды Тоқаев.

Жарияланым әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Қазақстандықтар мен Түркия тұрғындары суреттегі ерекше жылу атмосфераны атап өтіп, екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынасқа тәнті болғандарын жазды.

«Керемет кадр! Нағыз бауырластықтың көрінісі»,
«Түрік халқымен бауырластығымыз мәңгі болсын»,
«Өте әсерлі фото. Бір шаңырақ астында отырған екі бауырлас халық. Түркі елдерінің бірлігі әрқашан берік болсын»,
«Бірлігіміз мәңгі жасасын», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған 13 мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Түркия Президентін Астана әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Екі ел басшылары Астанада екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқыламақ.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді деп жоспарланған.

Бұдан бөлек мемлекеттер басшылары Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммитіне қатысады. Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.

Қазір оқып жатыр

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді