Қадыров АҚШ-қа ескерту жасады

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ирандық генерал Кассем Сүлейманидің АҚШ әскери күштері тарапынан өлтірілуіне қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Шешенстан басшысы Америка Құрама Штаттарына болжанбайтын салдарлар туралы ескертті. «АҚШ-тың әрекеттері Таяу Шығыста болжанбайтын салдарға алып келуі мүмкін. Бұл ешкімді бей-жай қалдыра алмайды», - деп жазған Кадыров өзінің telegram каналында.

Пентагон АҚШ-тың Бағдад әуежайының аумағында Әл-Кудс арнайы күштерінің қолбасшысы Кассем Сүлейманиге қарсы операция жүргізгенін растады. Онымен бірге тағы он адам қаза тапқан. Олардың қатарында IRGC офицерлері және Ирактың шиит милициясының аға қайраткерлері бар.