Кабулға жасалған әуе шабуылынан тоғыз адам қаза тапты

Кабулдағы әуе шабуылы салдарынан 9 бейбіт тұрғын көз жұмды. Бұл туралы АҚШ-тың «Си-Эн-Эн» телеарнасы хабарлады.

Алматы, NEGE. Марқұмдардың барлығы бір отбасының мүшелері. Алтауы бала. Ең кішкентайы небәрі 2 жаста болған екен. Ал Reuters агенттігі 6 адам қаза тапты деп хабарлайды. Әуе шабуылын американдық әскерилер ұйымдастырғаны белгілі. Олар «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» содыры отырған көлікті көздеп, оны зымыранмен атқылаған. Өйткені қолда бар мәлімет бойынша қаскөй өзін әуежайда жарып жібермек болыпты. Әскерилер әуе шабуылы кезінде оның көзі жойылғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді