Кабулдағы әуежай 48 сағатқа жабылды

Кабулда шетелдіктер мен тәліптерден қашқан жергілікті тұрғындарды эвакуациялап жатқан әуежай 48 сағатқа жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Өйткені әуе айлағына өткен азаматтарды қабылдап, аттандыруға уақыт керек. Оның үстіне бүгін әуежайға кіруге талпынған халық бір-бірін итеріп, тағы 7 адам көз жұмған. Ал тәліптер жақын арада әуежайға жолды ашып, адамдардың өтуіне мүмкіндік беретінін мәлімдеген. Бірақ қарулы топтар қала ішіндегі бақылауды күшейте түскенге ұқсайды.

– Қалада бақылау-тексеру бекеттері орнатылған. Бұл кейбір қаскөйлердің біздің жауынгерлердің атын жамылып, тұрғындардың өміріне қауіп төндіруі себепті қолға алынған шара. Жалпы бұрынғы мемлекеттік қызметкерлердің бәріне рақымшылық жарияланған. Сондықтан олар бұрынғыдай еш алаңсыз өмір сүре алады, - дейді талибан қозғалысының мүшесі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді