Кабулда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Black Hawk - әскерилер және қару-жарақты жылдам тасымалдауға арналған америкалық қарулы күштердің әмбебап тікұшағы, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Талибан" жауынгерлері мінген UH-60 Black Hawk әскери тікұшағы Ауғанстан астанасы Кабулда апатқа ұшырады. Үш адам қаза тапты: екі ұшқыш және бір экипаж мүшесі.

Тікұшақ техникалық ақаулар салдарынан Ұлттық қорғаныс университетінің кампусындағы жаттығулар кезінде құлады, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, апат кезінде бес адам жарақат алды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті