Кабул әуежайында тағы атыс болды

Кабул әуежайында Ауғанстанның қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен белгісіз біреулер арасында атыс болды. Бұл туралы Германияның қарулы күштері twitter парақшасында хабарлады.

Алматы, NEGE. Оқиғадан бір адам қаза тапқан, тағы үшеуі жараланды.

Атысқа Германия мен АҚШ әскерлері де қатысқан. Шетел сарбаздары арасында зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр