Кабул: Әуежай маңындағы атыстан 12 адам қаза тапты

Билік басына «Талибан» өкілдері келгелі Кабулда аласапыран, атыс болып 10-нан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

 

Алматы, NEGE. Агенттіктің хабарлауынша, Кабул әуежайы мен оның маңында болған аласапыран мен атыс кезінде 12 адам қаза тапты.

Бұл ретте Reuters агенттігі «Талибан» қозғалысы мен НАТО мәліметтерін негізге алып отыр.

Осыған дейін тәлібтердің жексенбі күні Ауғанстанды басып алғаны, соның салдарынан үрей билеген ауған халқы елден кету үшін Кабул әуежайына ағылғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді