Малиновский әлем кубогының жүлдегері атанды

Жерлесіміз Әлем Кубогында топ жарды. Индонезияда сұрмергендер сайысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жарыстың алғашқы күні пневматикалық винтовкадан нысананы көздеу бәсекесі болды. Ерлер арасындағы сында ел намысын Константин Малиновский қорғаған еді. Алматылық спортшы барлық мүмкіндігін сәтті пайдаланып, жалпы есепте 2-ші орынға тұрақтады. 1-ші орын жапон спортшысына бұйырды. Үздік үштікті Швеция өкілі түйіндеді. Джакарта қаласындағы жарыс 7 ақпанға дейін жалғасады. Сәйкесінше ел қоржынындағы медаль саны арта түсуі мүмкін. Байрақты бәсекеге бас-аяғы 15 спортшымыз аттанды. Әлем Кубогының қорытындысы бойынша үздік нәтиже тіркеген спортшыларға рейтингілік ұпайлар беріледі. Дәл осы көрсеткіш кейін Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда негізгі рөлді атқарады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды