«Junior Eurovision»: Қарақат Башановаға қалай дауыс беруге болады?
29 қараша күні онлайн форматта «Junior Eurovision» танымал музыкалық байқауы өтеді. Онда Қазақстан атынан Қарақат Башанова өнер көрсетеді.
Алматы, NEGE. Байқауды «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы – сағат 22.00-де.
«Биыл біз 11 елдің қатысушыларымен бәйгеге түскелі отырмыз. Олардың арасында 3 рет жең іске жеткендер де бар. Мысалы, Грузия. Ал, Мальта, Беларусь, Ресей, Польша сияқты елдер 2 рет жеңімпаз атан ып үлгерген . Биылғы жыл – біздің жеңіс ті жылымыз болуы керек деп ойлаймын. Қарақаттың жеңіске жету і үшін барлық мүмкіндігі бар», – деді алдағы халықаралық байқаудың финалына арналған баспасөз мәслихатында «Хабар» Агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.
Брифингіге «Хабар» Агенттігінің басшылығымен қатар, Қарақат Башанова және музыкалық сайыста айтылатын әнді жазған белгілі сазгер Хамит Шанғалиев қатысты.
«Junior Eurovision» байқауының ашылу салтанатында өткен жылы жеңімпаз атанған поляк әншісі Вики Габор әр елдің өнер көрсететін реттік нөмірін анықтады. Нәтижесінде, Қарақат «Forever» әнін екінші болып, яғни германиялық қатысушының қойылымынан кейін орындайтыны белгілі болды. Барлығы виртуалды сахнада 12 қатысушы бақ сынайтын болады.
Жарыстың ережесі бойынша, жеңімпаз әділ қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беруі және 2 кезеңде өтетін онлайн-дауыс беру арқылы анықталады.
Қазақстандықтар Қарақатқа ғана емес, сондай-ақ басқа елдердің қатысушыларына да дауыс берудің бірегей мүмкіндігіне ие. Көрермендердің дауыс беруі junioreurovision.tv сайтында өтеді. Дауыс беру 28-ші қарашадан 29-шы қараша аралығында конкурстың финалы басталғанға дейін жалғасады.
Финал аяқталғаннан кейін, көрермендердің өздерінің сүйікті әншілері үшін дауыс беруі үшін тағы 15 минут уақыт беріледі.