Johnson & Johnson вакцинасын қолдану тоқтатылады

АҚШ-та Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы мен Ауруларды бақылау орталығы Johnson & Johnson компаниясының вакцинасын қолдануды тоқтата тұруға кеңес берді.

Алматы, NEGE. Себебі екпе салынған 6 әйелде қанның ұюы тіркелген. Олардың бірі көз жұмып, енді бірі ауыр халде ауруханаға түскен. Бірақ қанның ұюы нақты осы екпеден болған болмағаны әлі дәлелденбеген. Мәселеге қатысты бүгін Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының Иммундау тәжірибесі жөніндегі комитеті шұғыл отырыс өткізбекші. Ал ресми дерекке қарағанда, АҚШ-та қазірге дейін тұрғындарға осы вакцинаның 6,8 миллион дозасы салынған.

Қазір оқып жатыр

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды