John Deere компаниясы Қостанайда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін іске қосады
Үкімет Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне басымдық беруде. Былтыр отандық өндірісті қолдау мақсатында импорттық тракторлар мен комбайндарды субсидиялаудан бас тарту машина жасау саласын дамытуға үлкен серпін беріп, өндірісті локализациялауға ықпал етті.