«Jas Otan» жастар қанатының атауы «Жастар Рухы» болып өзгерді
«Amanat» партиясы жастар қанатының атауы «Жастар Рухы» болып өзгерді. Бүгін Зерендіде «Amanat» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезі жалғасып жатыр.
Алматы, NEGE. Пленарлық отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнежазба арқылы делегаттарға құттықтау сөз арнап, ел жастарына арнайы үндеу жолдады. Президент Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады. Олар терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.