Израильдің соққыларынан кем дегенде 72 палестиналық қаза болды

Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан кем дегенде 72 палестиналық ажал құшты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE.  «Агрессия құрбандарының саны 72-ге жетті, оның қатарында 17 бала және 6 әйел бар», – деп жазылған ресми мәлімдемеде.  Қазір Израиль әскерінің қолбасшылығы Газада жер үсті операциясын жүргізу жағын қарастырып жатыр. 10 мамырдан бері Израиль әскері мен Газа секторындағы палестиналық радикалдар арасындағы қақтығыс басылмай тұр. Бұған Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіндегі тәртіпсіздіктер себеп болды. Сол кездегі шабуыл салдарынан 700-ден астам палестиналық зардап шеккен болатын. Израильдің мәліметінше, осы уақыт ішінде ел аумағына 1,5 мыңнан астам зымыран атылып, 6 израильдік қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті