Израильдің 9 қаласында шектеу шаралары күшейтілді

Израильдің 9 бірдей қаласында коронавирусқа қатысты шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрі және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысымен ақылдаса келе осындай шешім қабылдаған.

Алматы, NEGE. Өйткені бұл елді мекендерде кейінгі күндері науқастар саны артып барады. Әр шаһарда әртүрлі шектеу шаралары енгізілмек. Мәселен, кейбіреуіне қайтадан бақылау-өткізу бекеттері қойылады. Ал бірер күн бұрын елде барлар, спорттық залдар мен қоғамдық бассейндер жабылды. Қоғамдық көліктегі жолаушылар саны шектеліп, мемлекеттік қызметкерлердің 30 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Амихай Уортер, дүкен иесі: – Коронавирустың бірінші толқыны біз үшін ауыр болды. Кәсіпкерлер де біраз шығынға батты. Қарапайым халық былай тұрсын, саясаткерлердің өздері ережелерді елемей жатыр. Енді міне, вирустың екінші толқыны басталды. 

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған