Израильдегі консулдық есепте Қазақстанның 112 азаматы бар

Израильде консулдық есепте Қазақстанның 112 азаматы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда Қазақстанның Израильдегі Елшілігінде консулдық есепке Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда 77 азамат тіркелген. Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстанның бес студенті оқиды. Сондай-ақ отызға жуық қазақстандық жергілікті түрлі медициналық мекемелерде тағлымдамадан өтіп жатыр. Барлығы — 112 адам. Тель-Авивтегі дипломаттарымыз Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста және олармен жедел іс-қимыл жасау мақсатында арнайы мессенджерде чат ашты», — деді ол министрліктегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта аталған чатқа Израильде уақытша және тұрақты тұратын екі жүзге жуық Қазақстан азаматы қосылған. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды