Израильде вакцина басты жаңа жылдық сыйлыққа айналды

Израиль қатаң карантинге қарамастан Жаңа жылды атап өтуге қызу дайындалып жатыр. Бірақ биылғы әзірлік сәл басқаша сипатта, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE. Бір жағынан вакциналау науқаны да қарқынды жүруде. Қазірдің өзінде жүздеген мың тұрғын екпе салдырып үлгірген.

Искандер Андон, әлеуметтік қызметкер:

- Бұл балалар үйі 150 жыл бұрын ашылған. Мұнда ауыр жағдайда ата-анасынан айырылған жеткіншектер тәрбиеленуде. Оларға мереке сыйлауға міндеттіміз. Израильде басты жаңа жылдық сыйлық – вакцина. Егу екпіні қайран қалдырады. Бір аптада жарты миллион адам алып үлгерген. Бұл әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш. Осы қарқыннан таймаса, жоспар мерзімінен бұрын орындалуы әбден мүмкін.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Екпені бірінші кезекте өмірі қыл үстінде тұрған топтар алуы тиіс. Себебі олардың арасында өлім-жітім көп. Тек осылай ғана экономиканы оңалтып, бизнеске көмектесе аламыз. Жағдайды қалыпқа келтіру - біздің басты мақсатымыз.

Бірақ мәселе жетіп артылады. Кейбір ауруханалардың қызметкерлері екпені ереже бойынша 60-тан асқандарға емес, жас туыстарына салған. Денсаулық сақтау министрі мұндай ауруханаларға вакцинаны ең соңынан беру керек деп айыптады. Ал елдегі Карантин тәртібі ақпанға дейін сақталмақ.

Қазір оқып жатыр

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады