Израильде Әл-Ақса мешіті ашылды
Израильде екі айға созылған карантиннен кейін Әл-Ақса мешіті ашылды.
Алматы, NEGE. Діни ғиамарат санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмыс істейтін болады. Жамағат арақашықтық сақтауы тиіс. Ол үшін мешіттегі құлшылық орны арнайы сызықпен белгіленеді. Мешітті ашпас бұрын онда жаппай зарарсыздандыру жұмыстары атқарылды. Алда да күнделікті жүргізілмек.