Иранның Израильге әуе соққысы: Қаза болғандар бар

Иранның Израильге шабуылынан төрт адам қаза болды, 70-тен астам адам жараланды деп жазды The Jerusalem Post басылымы.

РБК

Алматы, NEGE. Әуе шабуылдан Тель-Авив маңындағы Ришон-ле-Цион қаласы айталықтай зардап шеккен.

Тель-Авив пен Рамат-Ганда үйлер қирап, өртенген. Al Arabiya басылымының жазуынша, Иран Израильге қарай шамамен 2 мың ракета жіберуді жоспарлаған.

Ирандағы дереккөздер CNN арнасына Иран Израильге шабуылын үдетеді және оған көмектескен кез келген елдің әскери базасына шабуылдайды деп айтқан. Ирандық Fars агенттігінің жазуынша, Иранның келесі нысанасы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базалары болмақ.

Ал Израиль әскері өткен түні Иранға тағы да әуеден соққы жасағанын хабарлады. ЦАХАЛ мәліметінше ондаған жойғыш ұшақ Тегеран маңындағы аудандарға соққы жасаған. Ол Иранның әуе қорғаныс инфрақұрылымын жоюды көздеген деп айтылады.

Израиль әскерінің дерегінше, бір тәулікте жүздеген нысанаға соққы тиген, арасында зениттік кешендер де бар. Қақтығыс басталғалы бері Израиль әскері алғаш рет 1,5 мың шақырымнан астам қашықтыққа ракетамен жаппай соққы жасап отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр