Израиль және Бахрейн дипломатиялық қатынас орнататын болды  

Израиль және Бахрейн патшалығы өзара дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Тамыз айында Біріккен Араб әмірліктері еврей мемлекетімен мәмілеге келетінін жариялаған болатын. Осы екі елдің бейбіт келісімге қол қою салтанаты қыркүйектің он бесінде Ақ Үйде өтеді. Араб мемлекеттері ондаған жылдар бойы Израильді мойындамай келген. Осы уақытқа дейін еврей мемлекетімен тек Мысыр мен Иордания дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан болатын. Алайда соңғы жылдары Иранға төтеп беру бағытында Израиль мен Парсы шығанағындағы патшалықтар жақындаса бастады. Бұған АҚШ әкімшілігі үлкен үлес қосты. Дональд Трамптың Израиль премьер-министрі және Парсы шығанағындағы мемлекет басшыларымен қарым-қатынасы жақсы екені белгілі.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху: «Тағы бір араб елі – Бахрейнмен бейбіт келісім орнатамыз. Ол Біріккен Араб әмірліктерімен жасасқан тарихи келісім аясында болмақ. Үшінші араб мемлекетімен мәмілеге келу үшін 26 жыл кетті, ал төртінші елмен 29 күнде бітімге келдік. Болашақта олардың саны көбейіп, жаңа бейбітшілік дәуірі басталады», – деді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты