Израиль тұрғындары үкіметке қарсы шықты

Израильде үкіметке қарсы наразылық акциясы өтті.

Алматы, NEGE. Израиль тұрғындары қайтадан ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қарсы наразылық шеруіне шықты. Үкімет басшысы сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыпталып отыр. Тұрғындар Нетаньяхудың эпидемиологиялық ахуалды бақылаудан шығарып алғанын айтады. Осыған байланысты наразы жұрт премьер-министрдің резиденциясына жиналып, оның отставкаға кетуін талап етті.

Айта кетейік, Израильде Биньямин Нетаньяхуға қатысты сот ісі әлі де жалғасып жатыр. Ол алаяқтық жасады, қызметін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Ал Нетаньяху бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып келеді.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?