Израиль төртінші доза салуға рұқсат етуі мүмкін

Израиль билігі коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын салу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Алматы, NEGE. Ол осал топқа жататын азаматтарға ұсынылуы ықтимал. Биліктің алаңдауы бекер емес. Өйткені елде омикрон тез тарап барады. Бүгінде 100-ден аса дерек туралы белгілі. Жергілікті ақпарат құралдары жаңа штамды жұқтырған бір науқаста індет ауыр формада өтіп жатқанын хабарлады.

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет: "Омикронға қатысты алаңдаушылық артып барады. Мәселен, Еуропа елдерінде Рождество кезінде шектеулер енгізілейін деп жатыр. Біз де жаңа штамға байланысты қатаң шаралар жарияладық. Енді екпенің төртінші компонентін салу мәселесін қарастырып жатырмыз. Осал топқа жататын азаматтар оны неғұрлым ерте қабылдағаны дұрыс", - деді. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды