Израиль Тоқаевқа қастандық жасамақ болған ба?
«Бос қолдар» атты Иранның хакерлер тобы «Моссад» атты Израильдің Ұлттық барлау қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасауға қатысы бар» деп мәлімдеді. Бұл туралы "Чиновник" телеграм-каналы хабарлады.
Алматы, NEGE. Бұл топ Қазақстанда израильдіктердің деструктивті әрекеті жөнінде эксклюзивті деректі фильмді жариялауға уәде беріп отыр. Үш апта бұрын олар «Моссад» басшысы Давид Барнеаның жеке мәліметтеріне қол жеткізгенін мәлімдеген еді.
NEGE Ұлттық қауіпсіздік комитетіне осы мәселенің ақ-қарасына көз жеткізу үшін сауал жолдады.