1 ноября 2023 г. 12:52
Израиль Газа секторындағы босқындар лагерін бомбалады
Газа секторының солтүстігіндегі Жабалия босқындар лагерінде болған жойқын жарылыстан 400-ге жуық адам қаза тапты.
Алматы, NEGE. Израиль қорғаныс күштерінің өкілі Ричард Хэхттің айтуынша, әуе соққысының нысанасы «бейбіт тұрғындардың артына тығылған» Хамас қолбасшысы болған.
Бомба Джабалия лагеріндегі 15 үйді күл-талқан етті.
Жабалия – Газадағы босқындардың ең үлкен лагері. Маусым айына дейін онда 116 мыңнан астам палестиналық босқын тіркелген.